16.02.2011, 16:02 3866

2011 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдер 4,2 трлн теңгені құрайды

2011 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдер 4,2 трлн теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 16 - ақпан. Kazakhstan Today - 2011 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдер 4,2 трлн теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Үкіметтің бүгінгі отырысында Министрлер Кабинетінің мүшелері 2011-2013 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасын мақұлдады.

Нақтыланған бюджет бойынша 2011 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдер 207,9 млрд. теңгеге ұлғайтылып, 4,2 трлн. теңгеге жеткізілді.

Айта кетейік, Үкімет респбликалық бюджетке түзетулерді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жығы 11 ақпанда Астанада өткен "Нұр Отан" ХДП-ның ХIII съезінде берген тапсырмаларына байланысты енгізіп отыр.

Бюджет бойынша негізгі баяндама жасаған ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев өз сөзінде Министрлер Кабинетінің мүшелерінің қарауына ағымдағы жылғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы ұсынылып отырғанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, 2011-2015 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруі 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің өлшемдерін нақтылау үшін негіз болды. "2011 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 4249, 3 млрд. теңге көлемінде немесе қолданыстағы бюджетпен (4041,4 млрд. теңге) салыстырғанда 207,9 млрд. теңгеге өсіммен айқындалды. Республикалық кірістер экономиканың даму қарқынының 74,7 млрд. теңгеге артуы, Кеден одағы шеңберінде импорттық кедендік баждарды есепке алу тетігінің оң әсер етуі және сыртқы сауда айналымы қарқынының 85,5 млрд. теңгеге өсуі, минералдық шикізатқа әлемдік бағаның 33,8 млрд. теңгеге өзгеруі, қосылған құн салығын қайтару сомасының 15,8 млрд. теңгеге төмендеуі және орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттарды 0,6 млрд. теңгеге нақтылау есебінен ұлғайды",-деді Б. Жәмішев.

Министрдің сөзіне қарағанда, сонымен қатар 2010 жылғы қаражаттардың түсіміне орай есеп айырысуларды нақтылау есебінен түсімдердің 2,5 млрд. теңгеге азаюы да орын алған. Түсімдердің жаңа болжамына қосымша ретінде 2010 жылдың қорытындылары бойынша 82,9 млрд. теңге сомада бюджет қаражатының бос қалдықтары тартылады. Бұл ретте 2010 жылға арналған республикалық бюджетте "Бизнестің Жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыруда кадрларды даярлауға көзделген 10,9 млрд. теңге мөлшердегі қаражат Жолдау шеңберінде іске асырылатын 2020 жылға дейін халықты жұмыспен қамтамасыз ету жаңа бағдарламасына қайта бөлінеді. "Нәтижеде, бекітілген бюджет "4643,8 млрд. теңгемен" салыстырғанда 301,3 млрд. теңгеге ұлғайып, 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 4945,1 млрд. теңге сомада көзделіп отыр",-деді Қаржы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны