13.01.2011, 14:52 4499

2011 жылы "Самұрық -Қазына" қоры дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында құрылыс саласына бөлінген қаражатты игеруді аяқтайды

2011 жылы "Самұрық- Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры тұралап қалған құрылыс саласына бөлінген 200 млрд. теңгені игеруді аяқтады. Бұл туралы бүгін Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа мәжілісінде "Самұрық -Қазына" ҰИАҚ Басқарушы директоры, басқарма мүшесі Қайрат Ийтекенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 13 - қаңтар. Kazakhstan Today - 2011 жылы "Самұрық- Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры тұралап қалған құрылыс саласына бөлінген 200 млрд. теңгені игеруді аяқтады. Бұл туралы бүгін Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа мәжілісінде "Самұрық -Қазына" ҰИАҚ Басқарушы директоры, басқарма мүшесі Қайрат Ийтекенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеруге бағытталған Үкімет бағдарламасы аясында "Самұрық -Қазына" және "ҚазАгро" холдингіне ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары бөлінгендігін естеріңізге ала кетеді. Оның 320 млрд. теңгесі жылжымайтын мүлік нарығындағы түйткілдердің түйінін тарқатуға, 200 млрд. теңгесі нақты құрылыс саласына бағытталды.

"Бөлінген 200 млрд. теңгеге сараптама жасайтын болсақ, бүгінде "Самұрық -Қазына" оның 69 пайызын игерді. Сондықтан 2011 жыл дағдарысқа қарсы бағдарлама аясындағы соңғы жыл болады",-деді ол.

Сондай-ақ Қ. Ийтекенов Ұлттық қордан бөлінген 120 млрд. теңге 32 мың азаматқа өздерінің банктер алдындағы міндеттемелерін орындауға және несиелеуді 9-11 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Жалпы, Ұлттық қордан бөлінген қаражат үш механизм бойынша игерілді. Соның біріншісі бойынша, нақты айтқанда екінші деңгейлі банктер арқылы несиелік желіні қаржыландыру бағытталған 56 млрд. теңгеге келісімдер жасалып, 20-ға жуық нысандағы 6,5 мың үлескердің проблемасы шешілді. Онымен бірге, несиелік желілер жанданып, тұралап қалған құрылыстар аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны