14.03.2012, 09:55 3560

2011 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 11 200 долларды құрады

2011 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Алматы. 14-наурыз. Kazakhstan Today - 2011 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 11 200 долларды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан VII Қазақстандық қаржы форумында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев айтты.

"Алдын ала деректер бойынша, 2011 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 11 200 долларды құрады. ЖІӨ-нің нақты өсімі 7,5 пайыз болды. Ол Кеден одағындағы Беларусьта - 5,3, Ресейде - 4,3 пайызды құрады. Ал дамыған елдерде бұл сан мүлдем төмен", - дейді Д.Ақышев.

Оның айтуынша, ел экономикасының өсіміне ауыл шаруашылығы, байланыс, сауда және өнеркәсіп салалары ықпал етті. Стратегиялық маңызы бар салалардың бәрінде де өсім мен жағымды қозғалыс байқалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны