11.05.2012, 16:08 3500

2012 жылдың алғашқы тоқсанында электр энергиясын өндіру 13% артты

"2012 жылдың алғашқы тоқсанында 4 892 млн кВт/с электр энергиясы өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13% артқанын көрсетеді. Электр энергияның нақты өсіміне "АлЭС" АҚ, "Ақтөбе ЖЭО"АҚ, "Шардара ГЭС" АҚ, "Жамбыл ГРЭС" АҚ және "Екібастұз ГРЭС-2" АҚ сияқты электр өндірушілердің сұранысқа сай өнімді ұлғайтуы себеп болған.

Астана. 11-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылдың алғашқы тоқсанында электр энергиясын өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% артқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самрұқ-Энерго" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

"2012 жылдың алғашқы тоқсанында 4 892 млн кВт/с электр энергиясы өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13% артқанын көрсетеді. Электр энергияның нақты өсіміне "АлЭС" АҚ, "Ақтөбе ЖЭО"АҚ, "Шардара ГЭС" АҚ, "Жамбыл ГРЭС" АҚ және "Екібастұз ГРЭС-2" АҚ сияқты электр өндірушілердің сұранысқа сай өнімді ұлғайтуы себеп болған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, электр энергиянын өткізуші компанияның өнімді өткізуі және қызмет көрсетудің көбеюі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда сәйкесінше 7 % және 6 % артып, 1 635 млн кВт/с және 2 408 млн кВт/с құрап отыр.

Көмір өндіру көрсеткіші болса 12,3 млн тоннаны құрады, ұйымдастырушылық-техникалық шараларды дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде бұл көрсеткіш 2% көбейген.

2012 жылғы жалпы кіріс - 30 962 млн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ол 3 782 млн теңгеге, яғни 14 % артқан.

2012 жылдың алғашқы тоқсанында саланың таза кірісі 9969 млн теңгені құрады.

Жалпы алғанда, "Самрұқ -Энерго" АҚ есептік кезеңде инвестицияға шығарылған шығыны 11 569,8 млн теңге болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны