14.05.2012, 11:59 3170

2012 жылдың бірінші тоқсанында тауарлар мен қызмет бағалары өсті - Статистика агенттігі

"Азық-түлік тауарларына бағалар - 2%, азық-түлік емес тауарлар - 1,3%, ақылы қызметтер көрсетуге - 1,8% артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы сәуірде 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,8% артты", - деді И. Смайылов брифинг барысында.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Тұтыну баға индексі 2012 жылғы сәуірде 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,7% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті.

"Азық-түлік тауарларына бағалар - 2%, азық-түлік емес тауарлар - 1,3%, ақылы қызметтер көрсетуге - 1,8% артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы сәуірде 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,8% артты", - деді И. Смайылов брифинг барысында.

Оның атап өткеніндей, 2012 жылғы наурызда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 50 мың 384 теңгені құрады. Өсім 2011 жылғы наурызбен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 18,5%, нақты ақшалай табыстар үшін - 13,3% құрады.

"2012 жылғы наурызда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 100584 теңгені құрады. 2011 жылғы наурызға қарағанда 15% өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы наурызға 109,9% құрады", - деп түйіндеді сөзін агенттік басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны