10.10.2012, 17:17 3231

2012 жылдың қыркүйек айында теңге 0,2 пайызға құнсызданған

Биылғы жылдың қыркүйек айында теңге 0,2% құнсызданып, 1 АҚШ доллары 149 теңге 86 тиынға бағаланды.

Алматы. 10-қазан. Kazakhstan Today - 2012 жылдың қыркүйек айында теңге 0,2 пайызға құнсызданған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биылғы жылдың қыркүйек айында теңге 0,2% құнсызданып, 1 АҚШ доллары 149 теңге 86 тиынға бағаланды.

Ұлттық банктің сәрсенбі күнгі ақпарына қарағанда, доллар бағамы 149 теңге 34 тиын мен 150 теңге 15 тиын аралығында құбылып отырды.

Жалпы, өткен айда ішкі валюта рыногында жүргізілген операциялар 22,2% қысқарып, 6,5 млрд долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны