09.01.2013, 11:22 2987

2012 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ-ның күтілетін таза табысы шамамен 117 млрд теңгені құрайды

"2012 жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 117 миллиард теңге деңгейінде күтілуде, бұл 2008 жылға қарағанда екі есе көп. Еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 5,3 млн теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қарағанда 15% көп", - деді А.Мамин.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - "Қазақстан Темір Жолы"Ұлттық компаниясы"АҚ өзінің өткен жылғы жұмысын қорытындылай келе, 117 млрд теңге көлеміндегі таза пайда түседі деп болжауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы компания басшысы Асқар Мамин бүгін ҚР Премьер-Министр Серіка Ахметовтің қатысуымен өткен ұлттық тасымалдаушының 2012 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2013 жылға арналған басым міндеттері туралы өткен мәжілісте сөйлеген сөзінде мәлім етті.

"2012 жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 117 миллиард теңге деңгейінде күтілуде, бұл 2008 жылға қарағанда екі есе көп. Еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 5,3 млн теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қарағанда 15% көп", - деді А.Мамин.

Сонымен қатар, еліміздің темір жол көлігіндегі жүк айналымы 2012 жылы 235,7 млрд тонна-километрді құраған, бұл 2011 жылға қарағанда 5,4 % артық. Жолаушы тасымалы 16,7 млрд жолаушы-километр болды, бұл 2011 жылғы деңгейден 14 % жоғары. 2012 жылғы капитал салымы көлемі 499,5 млрд теңге, яғни өткен жылдан 1,3 есе көп болған.

"ҚТЖ" НК" АҚ президенті, сондай-ақ ұлттық компанияның 2013 жылға арналған міндеттері мен болжамдары туралы да айтып берді.

"2013 жылы алдымызға қойған мақсаттарымыз бен міндеттерімізді орындау үшін бізге 236,7 млрд тонна-километр деңгейіндегі жүк тасымалы, 16 млрд жолаушыдан кем емес жолаушы тасымалы, 922 млрд теңге көлеміндегі кіріс, 125 млрд теңгеден кем емес таза пайда алу сияқты операциялық өндірістік қаржылық көрсеткіштерді орындауды қамтамасыз етуіміз қажет", - деп атап айтты А.Мамин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны