25.12.2012, 15:57 3137

2012 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 5 пайыз көлемі деңгейінде күтілуде

"Соңғы 10 жыл ішінде бұл инфляция бойынша жаман көрсеткіш емес. Біз қаңтар-ақпан айларында қорытындыны шығарып, келесі жылдың бірінші тоқсанында қалай жүретінімізді болжай алатын боламыз",-деді Премьер-Министр.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің көлемі 5 пайыз деңгейінде күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР премьер-министрі Серік Ахметов ҚР Үкіметінің отырысында мәлім етті.

"Алдын ала болжамдар бойынша позициялар жаман емес, біз ІЖӨ 5% деңгейінде өсуін күтудеміз", - деді С. Ахметов.

Бұдан басқа, ол тұтынушылық құны индексі жыл соңына дейін 6,5%, негізгі капиталға инвестиция - 3% астам, дәліз инфляциясы 6-6,2% деңгейінде күтілуде екенін айтып өтті.

"Соңғы 10 жыл ішінде бұл инфляция бойынша жаман көрсеткіш емес. Біз қаңтар-ақпан айларында қорытындыны шығарып, келесі жылдың бірінші тоқсанында қалай жүретінімізді болжай алатын боламыз",-деді Премьер-Министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны