07.09.2012, 12:34 2992

2012 жылдың шілде айында орташа айлық жалақы 106 620 теңгені құрады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР Статистика агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, аталмыш жалақы индексі 2011 жылғы маусымға 114,7%, ал нақты жалақы индексі 109,5% құрады, деп хабарлайды.

Астана. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2012 жылдың шілде айында орташа айлық жалақы 106 620 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР Статистика агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, аталмыш жалақы индексі 2011 жылғы маусымға 114,7%, ал нақты жалақы индексі 109,5% құрады, деп хабарлайды.

Салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде - 205,2 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 195,4 мың теңге (1,8 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 181,5 мың теңге (1,7 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерінде белгіленді - 48,9 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 54,2%-ға төмен, деп жазылған хабарламада.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді - 183,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 71,6 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,8%-ға төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны