03.01.2013, 17:19 3130

2012 жылдың желтоқсан айында ҚР-ғы төменгі күнкөріс шегі 0,9% ұлғайып, 16 698 теңгені құрады

"Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі шегі негізінде есептелетін жан басына шаққандағы төменгі күнкөрі шегі 2012 жылдың желтоқсан айында өткен аймен салыстырғанда 0,9%, 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда - 6,9% ұлғайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Астана. 3-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылдың желтоқсан айында төменгі күнкөріс шегінің көлемі өткен аймен салыстырғанда 0,9% ұлғайып, 16 698 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі шегі негізінде есептелетін жан басына шаққандағы төменгі күнкөрі шегі 2012 жылдың желтоқсан айында өткен аймен салыстырғанда 0,9%, 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда - 6,9% ұлғайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, оның құрамындағы ет пен балық сатып алуға жұмсалатын шығынның үлесі 23,8%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа - 16,4%, жемістер мен көкөніс - 9,9%, нан және жарма өнімдері - 7,8%, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,1% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны