08.02.2013, 12:03 3486

2012 жылға ҚР мемлекеттік бюджетіне ҚҚС бойынша түскен көлем 914 млрд тенгені құрады

"Қосымша құн салығы бойынша 2012 жылға 914,4 млрд теңге немесе жоспарға 103,1% түсті. Сонымен қатар, 2012 жылға бюджет бекітілмеген жағдайда игеру 91%-ды құрайтын еді",- деді Б.Жәмішев.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылға ҚР мемлекеттік бюджетіне ҚҚС бойынша түскен көлем 914 млрд тенгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қаржы министрі Болат Жәмішев Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлім етті.

"Қосымша құн салығы бойынша 2012 жылға 914,4 млрд теңге немесе жоспарға 103,1% түсті. Сонымен қатар, 2012 жылға бюджет бекітілмеген жағдайда игеру 91%-ды құрайтын еді",- деді Б.Жәмішев.

Сонымен қатар, ол жеке табыс салығы бойынша жоспар 106%-ға, әлеуметтік бойынша 104%-ға орындалды, деп хабарлады. 2011 жылмен салыстырғанда бюджетке түсім сәйкес 62,3 млрд теңгеге және 44,2 млрд теңгеге өсті, бұл жұмыспен қамту саласындағы жағымды тенденцияны көрсетеді.

"Кедендік Одақ елдерінен импортқа ҚҚС бойынша жоспар 101,3%-ға орындалды. Асыра орындауға 2012 жылы импорттың 10,5%-ға өсу ықпал етті, бұл ықпалдастықтың жағымды әсерін көрестеді",- деді ҚР Қаржы министрлігінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны