11.12.2012, 13:10 3113

2012 жылғы қаңтар-қарашада көмір, табиғи газ және металл кендерін өндіру артты

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,4% құрады. 2012 жылғы қаңтар-қарашада 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көмір, табиғи газ және металл кендерін өндіру артты.

Астана. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қаңтар-қарашада көмір, табиғи газ және металл кендерін өндіру артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,4% құрады. 2012 жылғы қаңтар-қарашада 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көмір, табиғи газ және металл кендерін өндіру артты.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, Тамақ өнімдерінің және сусындардың, химия және жеңіл өнеркәсібінің, машина жасау және құрылыс материалдарының өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Көрсеткіштің төмендеуі Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны