06.12.2012, 16:57 3221

2012 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,7%, азық-түлік емес тауарларға - 0,4%, ақылы қызметтерге - 1,1%-ға өсті.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,7%, азық-түлік емес тауарларға - 0,4%, ақылы қызметтерге - 1,1%-ға өсті.

Өткен айда бағаның жоғарылауы жұмыртқаға 4,7%, күнбағыс майына - 1,8%, макарон өнімдеріне - 1,7%-ға, сүт өнімдеріне, тұздалмаған сары майға - 1%-дан, ұнға - 0,9%, жемістер және көкөністерге - 0,8%, етке және құс етіне - 0,6%-ға, балық және теңіз өнімдеріне, шайға - 0,4%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі қантқа 1,2%-ға тіркелді.

Баға темекі өнімдеріне 1,9%, қатты отынға - 1,4%, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 0,8%, киім және аяқ киімге - 0,6%, тұрмыстық аспаптарға - 0,5%,тұрмыстық тоқыма бұйымдарға - 0,4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,3%, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,2%-ға өсті.

Баға деңгейі денсаулық сақтау 1,2%, шаштараздар және жеке қызмет көрсету орындары - 0,7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет - 0,6%, көлік - 0,3%, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтеріне - 0,2%-ға өсті. Бағаның өсімі почта қызметтеріне 37,3%-ға құрады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға 3,7%, орталық жылытуға - 2,9%, қоқыс жинауға - 2,6%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,5%, суық суға - 0,2%-ға жоғарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны