01.10.2012, 09:51 2910

2012 жылғы қыркүйекте өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,4%-ға жоғарылады

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 4,9%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,5%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім 3,7%-ға қымбаттады, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,2%-ға арзандады.

Алматы. 1-қазан. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қыркүйекте өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,4%-ға жоғарылады , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 4,9%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,5%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім 3,7%-ға қымбаттады, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,2%-ға арзандады.

Өткен айда бағаның мұнайға 6,9%, дизельдік отынға - 2,9%, мазутқа - 2,2%, көмірге - 0,4%-ға жоғарылауы, металл кендеріне - 2%, бензинге - 0,6%, табиғи газға - 0,2%-ға төмендеуі тіркелді.

Бір айда баға қара металдар илегіне 3%, ферроқорытпаларға - 2,3%, өңделмеген алюминийге - 2%-ға, мырыш пен мысқа - 1,6%-дан төмендеді, асыл металдарға - 3,4%-ға жоғарылады.

Бидай ұны - 12,5%, күріш - 12,2%, макарон өнімдері - 7%, қара бидай ұны - 3,3%, жармалар - 1,5%, нан - 1,4%, құс еті - 1,3%, өсімдік майы - 1%-ға қымбаттады, мал еті - 1%, сүт өнімдері - 0,4%-ға арзандады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны