15.05.2012, 12:59 3087

2012 жылғы наурызда республикада 46 282 жеңіл автокөлік тіркелді

2012 жылғы наурызда Қазақстанда 46 282 жеңіл автокөлік тіркелген, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 44,2 пайызға көп.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылғы наурызда республикада 46 282 жеңіл автокөлік тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы наурызда Қазақстанда 46 282 жеңіл автокөлік тіркелген, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 44,2 пайызға көп.

Ал 1 сәуірдегі жағдай бойынша қолда бар жеңіл автокөлік 3 549,5 мың бірлікті құрады.

Наурызда тіркелген көліктер саны бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Оңтүстік Қазақстанда 2012 жылдың наурыз айында 6 908, оның ішінде жеке тұлғалармен 6 771, ал заңды тұлғалармен 137 темір тұлпар тіркелген. Алматыда бұл көрсеткіш - 6 233 автокөлікті құрап, оның ішінде жеке тұлғалармен тіркелгендері - 5 679, ал заңды тұлғалармен тіркелгені - 554.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны