11.05.2012, 15:06 3060

2012 жылғы наурызда сыртқы саудада өнім бағасының төмендеуі белгіленді

Экспорттық жеткізілімдерге бағаның газ конденсатына - 21,4 пайызға, ферроқорытпаларға - 1,2 пайызға, мұнай өнімдеріне - 1,1 пайызға төмендеуі, осы жеткізілімдердің бағасы көмірге - 4 пайызға, мырышқа - 3,6 пайызға, алюминийге - 2,8 пайызға, мысқа - 2,7 пайызға, қорғасынға - 2,4 пайызға жоғарылауы белгіленді.

Астана. 11-мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда экспортталатын және импортталатын тауарларға баға 0,2 пайыздан төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, экспорттық жеткізілімдерге бағаның газ конденсатына - 21,4 пайызға, ферроқорытпаларға - 1,2 пайызға, мұнай өнімдеріне - 1,1 пайызға төмендеуі, осы жеткізілімдердің бағасы көмірге - 4 пайызға, мырышқа - 3,6 пайызға, алюминийге - 2,8 пайызға, мысқа - 2,7 пайызға, қорғасынға - 2,4 пайызға жоғарылауы белгіленді. Жүн бағасы - 1,2 пайызға төмен, ал темекіге - 8,6 пайызға, мақтаға - 7 пайызға, астыққа - 2 пайызға жоғары болды.

Импорттық түсімдерден өсімдік майы - 6,2 пайызға, шай - 6 пайызға, кофе - 5,1 пайызға, аяқкиім - 3,3 пайызға арзандады, сондай-ақ макарон өнімдері - 5,3 пайызға, маргарин - 3,4 пайызға, дәрі-дәрмектер - 3,3 пайызға, қант - 1,4 пайызға, балық - 1,3 пайызға, құс еті - 0,5 пайызға қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны