03.09.2012, 18:23 2818

2012 жылғы тамызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3%-ға қымбаттады

Ағымдағы жылғы тамызда шілде айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 4,4%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,4%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім 3,1%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,9%-ға қымбаттаған.

Астана. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2012 жылғы тамызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, ағымдағы жылғы тамызда шілде айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 4,4%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,4%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім 3,1%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,9%-ға қымбаттаған.

Ведоемство ақпаратына қарағанда, өткен айда бағаның мұнайға - 6,3%, дизельдік отынға - 2,7%, табиғи газға - 1,7%, көмірге - 1,3%-ға жоғарылауы, сұйытылған пропан пен бутанға - 9,1%, бензинге - 3,1%, мазутқа - 2,7%, металл кендеріне - 2,1%-ға төмендеуі тіркелді.

Бір айда баға өңделмеген мырышқа - 15,5%, қорғасынға - 10,5%, қара металдар илегіне - 3,1%, асыл металдарға - 0,3%-ға жоғарылады, ферроқорытпаларға - 4,5%, мысқа - 3,7%, алюминийге - 1,6%-ға төмендеді.

Бидай ұны - 12,3%, қара бидай ұны - 4,5%, қант - 3,5%, макарон өнімдері - 2,9%, жармалар - 2,7%, балық - 1,4%, құс еті - 1%-ға қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны