05.03.2013, 15:21 3192

2012 жылы АӨК азық-түлік тауарларының экспорт көлемі 1,6 есеге артты

"2012 жылдың қортындысы бойынша ауыл шаруашылық азық-түлік тауарларын экспорттау көлемі 1,6 есеге артып, 3,128 млрд долларды құрады",- деді А.Мамытбеков.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылдың қортындысы бойынша ауыл шаруашылық азық-түлік тауарларын экспорттау 1,6 есеге артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"2012 жылдың қортындысы бойынша ауыл шаруашылық азық-түлік тауарларын экспорттау көлемі 1,6 есеге артып, 3,128 млрд долларды құрады",- деді А.Мамытбеков.

Сонымен қатар, ол экспорттың жалпы көлемінде АӨК-нің барлық өнімдерінің экспорт үлесі артқанын атап өтті.

Осылайша, 5,4% жылдық көлеммен 2012 жылдың қаңтар-қарашасында АӨК-нің барлық өнімінің экспорт көлемі 3,4 %-ды құрады. Министр аталған көрсткіш бойынша жоспарлы көрсеткіштерге жетпеу қаупі барын, бұл мұнай және мұнай өнімдері сияқты тауарлар экспортының озық өсуіне негізделгенін айтып кетті.

Сонымен қатар, "құрғақшылық кесірінен ауыл шаруашылық өнімін жалпы өндірудің төмендеуін ескере отырып, ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі бойынша көрсеткішке жетпеу қаупі бар". Алдын ала болжам бойынша 4,2 мың жоспары кезінде ол шамамен 3 мың АҚШ долларын құрайды.

Айта кету керек, алдын ала мәліметтер бойынша 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегіне жалпы қосылған құн 103,9% жоспары кезінде 109,%-ға артқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны