09.11.2012, 13:16 3943

2012 жылы Беларусь пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жетеді

Үстіміздегі жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жетуі мүмкін, деп мәлімдеді Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясникович Қазақстан- Белорусь іскер форумының ашылуында сөйлеген сөзінде.

Астана. 9-қараша. Kazakhstan Today - 2012 жылы Беларусь пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үстіміздегі жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жетуі мүмкін, деп мәлімдеді Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясникович Қазақстан- Белорусь іскер форумының ашылуында сөйлеген сөзінде.

"Қазақстан Беларуспен сауда-саттық айналымы бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орынға шықты. Көрсетілетін қызмет түрінің көлеміне қарай біз биылдың өзінде тауар айналымы 1 млрд долларға жетуі мүмкін деп ойлаймыз", - деді М.Мясникович.

Сонымен қатар ол, Беларусь 2010 жылдан бастап Қазақстанға 175 млн доллар көлемінде инвестиция салғанын, ал Беларустегі Қазақстан капиталы бар компаниялардың саны 20-ға жеткенін атап айтты.

Сондай-ақ, ол ҚР Премьер-Министрі РК Серік Ахметовтің екіжақты ынтымақтастық қарқынын арттыру және ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу және және инновациялық салалардағы инвестициялық әрекеттерді күшейту қажеттілігі туралы көзқарасын қолдайтынын білдірді.

Сонымен қатар, БеларусьҮкіметінің басшысы 2013 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан-Беларусь IT-форумын өткізу жоспарланып отырғанын, онда екі елдің жоғары технология саласындағы ынтымақтастығы талқыланатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан-Белорусь іскер форумы өтуде, оған Қазақстан және Беларусь республикаларының 200-дей мүдделі мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері қатысуда.Аталған шараның негізгі мақсаты - екі ел арасындағы ұзақмерзімді экономикалық ынтымақтастықты жолға қою.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны