23.02.2012, 15:47 3511

2012 жылы бюджетке Ұлттық қордан 180 млрд. теңге тартылатын болады

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Астана. 23-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылы бюджетке Ұлттық қордан 180 млрд. теңге тартылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

"Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында экономикалық жағдайға байланысты Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферттер мөлшерін 15 пайызға дейін азайту немесе көбейту жағына қарата түзету, яғни контрциклдық принцип қолдану ұсынылады. Бұл қазіргі Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына көбірек икемділік беріп, оның негізгі жинақтау қызметтерін сақтайды. Осыған байланысты республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшерінен 15 пайызға немесе 180 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылады", - дейді министр Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, аталмыш шара Елбасының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруға байланысты басым шығыстарды шапшаң қаржыландыруға, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын тиімді жинақтауға мүмкіндік беретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны