15.03.2012, 12:49 3581

2012 жылы егістік алқаптармен 21 млн. гектардан астам жер қамтылады

"Облыстардағы ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын ала мәліметтері бойынша, 2012 жылы 21,2 млн. гектарға егіс алқаптарын қамту жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейінде. Ал көктемгі егіс аумағы 18,5 млн. гектарды құрайды. Астық егістері 16,3 млн. гектарды қамтымақ",- деді министр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - 2012 жылы егістік алқаптармен 21 млн. гектардан астам жер қамтылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңес барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

"Облыстардағы ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын ала мәліметтері бойынша, 2012 жылы 21,2 млн. гектарға егіс алқаптарын қамту жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейінде. Ал көктемгі егіс аумағы 18,5 млн. гектарды құрайды. Астық егістері 16,3 млн. гектарды қамтымақ",- деді министр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Оның сөзінше, биыл бидай алқаптарын қысқарту есебінен, яғни өткен жылға қарағанда бидай егістері 300 мың гектарға азаяды. Бидай егісінің аумағы 13,5 млн. гектарды құрайды. Осы орайда, астық тұқымдас жем-шөп дақылдарының аумағы артатын болады.

"Бұл біріншіден, мал шаруашылығы бағдарламасын іске асырумен байланысты болып отыр",-деп тоқталды А. Мамытбеков.

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде арпа бағасы азық-түлік бидайының құнымен тең түсіп отыр. Яғни, жем-шөп дақылдарына сұраныс артып келеді. Бұдан бөлек министр, майлы дақылдардың алқаптары 1,7 млн. гектарды, жем-шөп алқаптары 2,7 гектар, мақта дақылдары 146 мың, қант қызылшасы 18 мың, сондай-ақ көкөніс-бақша дақылдары, картоп егістері 378 мың гектарға орналастырылатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны