14.12.2012, 12:38 3021

2012 жылы Қазақстанда бөлшек сауданың көлемі 12,8% өсті

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, көтерме сауда көлемі өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 12,8% ұлғайды, деп хабарлады Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы Илихан Смаилов.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2012 жылы Қазақстанда бөлшек сауданың көлемі 12,8% өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, көтерме сауда көлемі өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 12,8% ұлғайды, деп хабарлады Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы Илихан Смаилов.

"Бөлшек сауданың көлемі 3805,1 млрд. теңгені құрады (қоғамдық тамақтандыру саласын қоспағанда) және 2011 жылмен салыстырғанда 12,8% ұлғайды", - деді И.Смаилов.

Сондай-ақ көтерме сауданың көлемі 14,9% өсіп, 10128,2 млрд. теңгені, ал тамақ және сусын өнімдерін ұсыну қызметтерінің көлемі 12,9% артып, 183,7 млрд. теңгені құрады.

Агенттік басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында сыртқы сауда-тауар айналымы 11,6% артып, 113,6 млрд. АҚШ долларын құраған.

"Оның ішінде экспорт 77381,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 8% жоғары, ал импорт - 36181,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл былтырғы жылғы деңгейден 20,1% жоғары", - деді агенттік төрағасы.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, сондай-ақ елімізде шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) в 229484 бірлікті құрады, 2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда бұл 6,2% көп.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны