08.01.2013, 16:32 3398

2012 жылы Қазақстанда құрылыс бағасы 4,6 пайызға қымбаттады

2012 жылы Қазақстанда құрылыс құны алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,6% қымбаттады.

Астана. 8-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы Қазақстанда құрылыс бағасы 4,6 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы Қазақстанда құрылыс құны алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,6% қымбаттады.

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, желтоқсан айында баға қарашамен салыстырғанда 0,2% өскен.

Жалпы, 2012 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары 5,3%, машина мен қондырғылар 2,5%, басқа шығындар мен жұмыстар құны 4,2% артқан.

Металл конструкциялар 3,6%, әктас - 0,8%, құм - 1,9%, әйнек - 2%, рубероид - 3,8%, битум - 2,5%, қиыршық тас - 3,1%, цемент - 5,5%, ерітінділер - 0,3%, гравий - 6,9%, тауарлық бетон - 2,6%, гипсокартон - 2,4% қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны