14.01.2013, 16:20 3687

2012 жылы Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 3,8 пайызға артты

2012 жылы еліміздің негізгі капиталына 5 трлн 455 млрд 36 млн теңге инвестиция салынған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,8% артық.

Астана. 14-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 3,8 пайызға артт, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы еліміздің негізгі капиталына 5 трлн 455 млрд 36 млн теңге инвестиция салынған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,8% артық.

Мемлекеттік статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, тау-кен өндірісі және карьерлерді игеру (28,9%), тасымал және қойма саласы (19%), жылжымайтын мүлік операциялары (8,4%) салаларының инвестициялық тартымдылығы жоғары.

Инвестицияның басым бөлігін шаруашылық нысандарының өз қаржысы құрайды. 2012 жылы бұл көрсеткіш 53,7%-ды құраған (2011 жылы 45,6%). Жалпы инвестицияның ішінде: мемлекет қаржысы 20,5% (2011 жылы 21%), шетелдік инвестиция - 13,7% (21,5%), несие үлесі - 12,1% (11,9%).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны