22.01.2013, 15:20 2963

2012 жылы Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 80 млн тоннадан астам мұнай алынды

2012 жылы Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 81 млн 554 мың 179 тонна мұнай алынды. Оның жалпы құны 10 млрд 817 млн теңге болады. Бұл туралы сейсенбі күні облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 80 млн тоннадан астам мұнай алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 81 млн 554 мың 179 тонна мұнай алынды. Оның жалпы құны 10 млрд 817 млн теңге болады. Бұл туралы сейсенбі күні облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокуратура ақпарына сүйенсек, өткен жылы заңсыз мұнай айналымына қатысты 24 қылмыстық іс қозғалып, оның 11-і сотқа өткен.

Бақылауды күшейтіп, қылмыстың алдын-алу мақсатында ведомствоаралық арнайы ұтқыр топ құрылды. Оған прокуратура, Ішкі істер департаменті мен қаржы полициясы өкілдері кірді, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны