02.05.2012, 14:46 3404

2012 жылы көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге 80 млрд. теңге бөлінді

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржылық институттары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 2012 жылы 95,85 млрд. теңге жұмсауды жоспарлауда.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылы көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге 80 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржылық институттары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 2012 жылы 95,85 млрд. теңге жұмсауды жоспарлауда.

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржылық институттары ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 95,85 млрд. теңге жұмсауды жоспарлауда", - делінген ведомство хабарламасында.

Оның ішінде 80 млрд. теңге бюджеттік несие көктемгі дала жұмыстары мен егін орағын несиелендіруге, дихандарды қаржыландыратын шағын несиелендіру ұйымдарын қаржыландыруға және АӨК субъктілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға тартылған займдар бойынша міндеттемелерді қаржыландыруға жұмсалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны