30.01.2012, 11:54 3985

2012 жылы ҚР 2,2 млрд АҚШ доллары көлемінде сыртқы қарыз алуды жоспарлап отыр

"Атап айтқанда, "Астананың жаңа көліктік жүйесі" жобасын қаржыландыру және "Ирригациондық және дренаждық жүйені жетілдіру" жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру үшін сыртқы қарыздарды тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі секілді ірі жобаны қаржыландыруға сыртқы қарыз тартылмақ",- деді Б. Жәмішев.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы ҚР 2,2 млрд АҚШ доллары көлемінде сыртқы қарыз алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетовтің төрағалығымен өтіп жатқан өткен жылдың қорытындысына арналған Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы Үкіметтік сыртқы қарыз алу көлемін жоспарлау ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты болады.

"Атап айтқанда, "Астананың жаңа көліктік жүйесі" жобасын қаржыландыру және "Ирригациондық және дренаждық жүйені жетілдіру" жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру үшін сыртқы қарыздарды тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі секілді ірі жобаны қаржыландыруға сыртқы қарыз тартылмақ",- деді Б. Жәмішев.

"Жалпы, 2012 жылда тартылатын сыртқы қарыздың жоспарлы көлемі 2,2 млрд. АҚШ долларын құрамақ",-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде сыртқы қарыздарды тартудың үрдісі 8-ден 12 айға дейін уақыт алады. Осыған байланысты сыртқы қарыздарды тарту бойынша үрдістерді жеңілдету қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны