14.01.2013, 10:51 3043

2012 жылы монополистердің табыстары 55 млрд теңгеге қысқарды

Қазақстанда 2012 жылы тарифке берген тапсырыстарды қарастыру барысында монополистердің сұрап отырған табыстары 55 млрд теңгеден астам сомаға қысқартылды, деп хабарлады бүгін табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов Орталық Коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің брифингісінде.

Астана. 14-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы монополистердің табыстары 55 млрд теңгеге қысқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2012 жылы тарифке берген тапсырыстарды қарастыру барысында монополистердің сұрап отырған табыстары 55 млрд теңгеден астам сомаға қысқартылды, деп хабарлады бүгін табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов Орталық Коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің брифингісінде.

"Табиғи монополияның 42 базалық субъектісінің 2012 жылы тарифке берген тапсырыстарын қарастыру барысындағы жұмыстардың нәтижесінде монополистердің сұрап отырған табыстары 55 млрд теңгеден астам сомаға қысқартылды", - деді М.Оспанов.

Сонымен қатар ол тарифтерді бекіту тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған заң талаптарына сай бекітілетінін және тарифтерге енгізілетін шығындарды қатаң шектейтінін атап айтты.

"Табиғи монополия субъектілері жақсы қаржылық және еңбек ресурстарына ие ірі кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар екендігіне қарамастан, біз монополистердің тәбетін шектейміз", - деп баса айтты монополияға қарсы ведомствоның басшысы.

Сондай-ақ, тариф саясатының өзгерісі туралы айта келіп, Мұрат Оспанов реттелетін тарифтерді өзгерту Үкімет бекітетін жоспарланған инфляция дәлізін есепке ала отырып іске асырылатынан айтты.

ТМРА мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылы реттелетін қызмет түрлеріне тарифтерді өзгерту, статистикалық мәліметтер бойынша жоспарланған жылдық шек - 1,9% жағдайында инфляцияға 1,166% деңгейінде үлес қосқан, ал бұл реттелетін тарифтердің инфляцияны ұстап тұрудың тиімділігіне әсер етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны