04.01.2013, 09:54 3165

2012 жылы "Өнімділік-2020"бағдарламасы бойынша 25 жоба мақұлданды

2012 жылдың қорытындысы бойынша 25 жоба "Өнімділік-2020"бағдарламасының қатысушысы болды, деп хабарлайды "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ (ҚИДИ) баспасөз қызметі.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы "Өнімділік-2020"бағдарламасы бойынша 25 жоба мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың қорытындысы бойынша 25 жоба "Өнімділік-2020"бағдарламасының қатысушысы болды, деп хабарлайды "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ (ҚИДИ) баспасөз қызметі.

"2012 жылы өнеркәсіптің 6 саласы бойынша жалпы сомасы 74,3 млрд теңге болатын 25 жоба мақұлданды", - делінген хабарламада.

"Өнімділік-2020" бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері оған Қазақстанның 15 өңірінен 8 сала бойынша 152,6 млрд теңге сомасындағы 51 51 инвестициялық жоба енген.

ҚИДИ-де атап өткендей, өткен жылғы мемлекеттік қолдау көрсету сомасы инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе сараптауға, ұзақмерзімді лизингтік қаржыландыруға, инвестициялық гранттарға бағытталған.

Бағдарлама жұмыс істеген барлық мерзім ішінде Алматы қаласы, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстары анағұрлым белсенділік танытқан.

Барлық инвестициялық жобалар экономиканың басым секторларындағы еңбек өнімділігін 1,5-тен 3 есеге дейін арттырып, энергия тұтынуды орташа есеппен 30-40% азайтуды және қуатты 80% дейін ұлғайтуды көздейді.

Негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру арқылы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатын "Өнімділік-2020" бағдарламасы Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны