14.01.2013, 11:44 2825

2012 жылы тұтынушыларға жәрдемақы тарифі бойынша 1,9 млрд теңге қайтарылды

2012 жылы уақытша жәрдемақы тарифін енгізу есебінен тұтынушыларға шамамен 1,9 млрд теңгедей ақша қайтарылды, деп хабарлады бүгін табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов Орталық Коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің брифингісінде.

Астана. 14-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы тұтынушыларға жәрдемақы тарифі бойынша 1,9 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы уақытша жәрдемақы тарифін енгізу есебінен тұтынушыларға шамамен 1,9 млрд теңгедей ақша қайтарылды, деп хабарлады бүгін табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов Орталық Коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің брифингісінде.

"Жыл сайын монополистердің өздерінің инвестициялық міндеттемелерін орындауына талдау жасалып отырылады, міндеттемелерін орындамаған немесе мақсатты пайдаланбаған жағдайда тұтынушылардың шығындарын қалпына келтіру туралы шешім қабылданады. Осылайша, 2012 жылы уақытша жәрдемақы тарифі енгізілген болатын, тұтынушыларға қайтарылған соманың жалпы көлемі шамамен 1,9 млрд теңгені құрады", - деді М.Оспанов.

Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелері заң алдында табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған. Бұл бағдарлама инвестициялық қызметтің басымдығын айқындайтын әкімдіктермен, ал ірі субъектілер бойынша салалық министрліктермен бірлесіп бекітіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны