28.08.2012, 14:23 3449

2013-2017 жылдары инфляция 6-8 пайыз мөлшерінде болады деп күтілуде

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қабылданды.

Астана. 28-тамыз. Kazakhstan Today - 2013-2017 жылдары инфляция 6-8 пайыз мөлшерінде болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қабылданды.

Жиын барысында жалпы ішкі өнімнің өсімі 2013 жылы 6, 2014 жылы 6,1, 2015 жылы 7,6, 2016 жылы 6,6 2017 жылы 6,9 пайызды құрайтыны айтылды. Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевтың мәлімдеуінше 2013 жылы жалпы ішкі өнім 6 пайызға өседі. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 6,9 пайызды құрамақ. Экономиканың өсуіне ішкі сұраныстың артуы, өндірістің дамуы мен қызмет көрсету саласының нығаюы ықпал етпек. 2013-2017 жылдар аралығында бір баррель мұнай бағасы 90 АҚШ доллары шамасында болады деп болжанған. Үкімет отырысында сондай-ақ Қаржы министрі Болат Жәмішев"2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасын ұсынды. Бюджеттік шығындар негізінен білім беру, және денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруға және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қолданылмақ. Бұған қоса бүгін Үкімет мүшелері "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының 2022 жылға дейінгі даму стратегиясын бекітті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны