17.06.2013, 16:02 4896

2013 жылдың 5 айында ЖІӨ-нің өсімі 5 пайызды құрады

Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Астана. 17-маусым. Kazakhstan Today - 2013 жылдың 5 айында ЖІӨ-нің өсімі 5 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

"Биылғы жылдың бес айында жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз болды. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға өсті және 7 трлн 321 млрд 500 млн теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі бес айда 1 трлн 738 млрд 700 млн теңгені құрады. Өткен жылға қарағанда 8,3 пайызға өсті", - деп атап өтті Досаев.

Сыртқы сауда айналымы 41 млрд 300 млн долларға жеткен. Оның ішінде экспорт 27,5 млрд доллар, ал импорт 13,8 млрд долларды құрады. "Өзара сауда Кедендік Одақтың басқа елдерімен салыстырғанда 7 млрд 429 млн долларды құрады", - деп толықтырды министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны