20.02.2013, 10:09 3028

2013 жылдың егiс науқанына 110 мың тоннадан астам тұқым жетiспейдi

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгiн "Қазақстан фермерлер одағы" РҚБ-ның жыл сайынғы кеңейтiлген отырысы барысында ұйым президентi Иуезхан Даринов хабарлады.

Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today - 2013 жылдың егiс науқанына 110 мың тоннадан астам тұқым жетiспейдi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгiн "Қазақстан фермерлер одағы" РҚБ-ның жыл сайынғы кеңейтiлген отырысы барысында ұйым президентi Иуезхан Даринов хабарлады.

"Құрғақшылықтан зардап шеккен көптеген шаруалар, фермер қожалықтарының басым бөлiгi тұқымсыз қалып отыр. Бұл мәселе бiздi толғандырады. Сонымен қатар, гектарына 2-3 центнерден өнiм алған фермерлердің де жағдайы мәз емес", - дедi И.Даринов.

Ол тұқымға деген жоғары сұраныс бағаның күрт өсуiне себеп болуы мүмкiн екенін атап өттi.

"Бiзде қазір жақын арада тұқымға деген сұраныс артып, бұл өз кезегiнде бағаны күрт шарықтатып, алып-сатарлық үрдiстiң қалыптасуына себеп бола ма деген қорқыныш бар", - деп толықтырды ол.

"Қазақстан фермерлер одағы" РҚБ басшысының ақпаратына сәйкес, 2013 жылдың егiс науқанына 110 мың тоннадан астам тұқым жетiспейдi.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны