29.04.2013, 10:08 6821

2013 жылдың І тоқсан қортындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның мұнай және газ өндіру көлемі 5,6 млн тоннаны құрады

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел мәліметтерге қарағанда І тоқсанның қортындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның мұнай және газ конденсатын шығарудың шоғырланған көлемі еншілес және бірлескен-бақыланатын ұйымдарға қатысу үлесін ескергенде 5,6 млн тоннаны, жоспардан 101%-ды құрады.

Астана. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда І тоқсан қортындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның мұнай және газ конденсатын шығару көлемі 5,6 млн тоннаны немесе жоспардан 101%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел мәліметтерге қарағанда І тоқсанның қортындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның мұнай және газ конденсатын шығарудың шоғырланған көлемі еншілес және бірлескен-бақыланатын ұйымдарға қатысу үлесін ескергенде 5,6 млн тоннаны, жоспардан 101%-ды құрады.

Оған қоса, мұнай өңдеу көлемі 3, 571 млн тоннаны құрады, магистральді құбыр арқылы мұнай тасымалдау көлемі - 16,947 млн тонна, жоспарды 3%-ға асыра орындау, мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемі 2, 204 млн тоннаға жетті.

Өз алдына, "ҚазМұнайГаз" басқармасының төрағасы берген мәліметтер бойынша табиғи газды тасымалдау көлемі бойынша көрсеткіш 27, 576 млрд куб метрге жеткен.

2012 жылдың қортындысы бойынша мұнай мен газ конденсатын шоғырланған шығару 21,4 млн тоннаны құрады, мұнай тасымалдау көлемі, жоспарлы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5%-ға артық, газ тасымалдау көлемі - 2,5%-ға, еңбек өнімділігі - 1,4%-ға, жол битумын өндіру көлемі - 9,4%-ға артқан.

Айта кету керек, қазіргі уақытта ҚМГ жетекшілік ететін Қазақстанның ірі мұнай өңдеу зауыттарында қайта құру және жетілдіру шеңберінде инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Олар аяқталған соң 2016 жылға қарай қайта өңдеудің жылына 19 млн тоннаға дейін артуы жоспарланған. Сонымен қатар, мұнай өңдеудің тереңдігін 90%-ға дейін арттыру, жәнеи автобензинді 6750 мың тоннаға дейін, авиаотынды - 950 мыңға дейін, дизельдік отынды - 5900 мыңға дейін өндіру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны