15.04.2013, 17:29 5886

2013 жылдың І тоқсанында Қазақстандағы тұрғын үй бағалары 1,4%-ға өсті

"Тұрғын үй нарығында жағдай тұрақты. Жаңа тұрғын үйге бағалар наурызда желтоқсанмен салыстырғанда, яғни 3 айда 1,4%-ға артты. Сұраныстың өсуіне байланысты бағалардың кейбір өсуі байқалған", - деді И.Смайылов.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда тұрғын үйге бағалардың өсуі наурызда 2012 жылдың наурызымен салыстырғанда 1,4%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің басшысы Илихан Смайылов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде мәлім етті.

"Тұрғын үй нарығында жағдай тұрақты. Жаңа тұрғын үйге бағалар наурызда желтоқсанмен салыстырғанда, яғни 3 айда 1,4%-ға артты. Сұраныстың өсуіне байланысты бағалардың кейбір өсуі байқалған", - деді И.Смайылов.

Сонымен қатар, ол жаңа тұрғын үй бағасы наурызда 175 мың теңгені құрады. Астанада - 217 мың теңге, Алматыда - 245 мың теңге, Ақтауда - 161 мың теңге, Атырауда - 209 мың теңге, Шымкентте - 203 мың теңге.

Оған қоса, статистика ведомствосының басшысы басқа да әлеуметтік-экономикалық индикаторлар жайында айтты.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қоқыс шығару тарифтері 7,6%-ға, кәріз жүйесіне - 7,2%-ға, суық суға - 5,7%-ға, тұрғын үй қамту - 1,6%-ға артып, ыстық суға, орталық жылытуға 0,3%-дан төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны