20.07.2012, 13:09 2942

2013 жылдың І тоқсанында "Тобыл-Көкшетау-Астана" газ құбырының құрылысы басталады

Қазір дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Астана мен Көкшетау үшін қажетті газ тарату стансаларының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Астана. 20-шілде. Kazakhstan Today - Еліміздің орталық өңірлеріне және Астана қаласына "көгілдір отынның" жеткізілуін қамтамасыз ететін "Тобыл-Көкшетау-Астана" магистральдық газ құбырының құрылысы шамамен 2013 жылдың І тоқсанының соңына қарай басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазір дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Астана мен Көкшетау үшін қажетті газ тарату стансаларының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

"Магистральдық құбырдың бойындағы елді мекендерді "көгілдір отынмен" қамтамасыз ету мақсатында газ тарату желілерін дамыту ісі өңірлік жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін өңірлік даму бағдарламаларына немесе облыстарды газдандыру бағдарламаларына байланысты болады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Газ құбырының жобалық қуаты жылына 6 млрд. текшеметрді шамалайтын болады және ол магистральдың бойындағы тұтынушылардың барлық санатын қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Н.И.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында еліміздің орталық өңірлерін, оның ішінде елорданы да газбен қамтамасыз ететін құбыр желісін тарту туралы тапсырма берген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны