10.12.2013, 18:28 2902

2013 жылдың I жарты жылдығында Қазақстан мен Австрияның тауар айналымы 2 млрд долларды құрады

Австрияда Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 2 отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Сауда-өндірістік палатасының баспасөз қызметі.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Австрияда Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 2 отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Сауда-өндірістік палатасының баспасөз қызметі.

Австрия жағын 30-дан астам компания құрайды. Олардың дені машина жасау, мұнай-химия, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы мен инвестиция және туризм секілді өзге де салаларда қызмет етеді.

Қазақстан тарапынан өнеркәсіп, мұнай-газ саласы, энергетика мен баламалы қуат көздері, машина жасау, ауыл шаруашылығы және инвестиция салаларындағы ұлттық компания өкілдері қатысты.

"Кездесу барысында тараптар әріптестік болашағы, қос елдегі инвестициялық климаттың жай-күйі сөз болып, екі жақтың қызметі мен өнімдері таныстырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар "Б2Б" түріндегі іскерлік кездесу өткізді.

Айта кету керек, Австрия Қазақстанның ірі сауда әріптесі болып табылады.

Сонымен қатар, 2013 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 2,032 млрд долларды құраған.

Естеріңізге сала кетейік, Австрияның Вена қаласыдағы Федералды экономикалық палатасында сауда-экономикалық әріптестік бойынша біріккен үкіметаралық комиссия жұмысының аясында өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны