12.12.2013, 19:06 3018

2013 жылдың қаңтар-қараша айларында бөлшектеп сату саудасы 4,42 трлн теңгені құрады - Статагенттігі

2013 жылдың қаңтар-қараша аралығында бөлшек сауда көлемі 12,6 пайызға артып, 4 427,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. 2013 жылдың қаңтар-қараша аралығында бөлшек сауда көлемі 12,6 пайызға артып, 4 427,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"2013 жылдың қаңтар-қараша аралығында сауда кәсіпкерлігі тауарларының айналымы 2 324 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 17,9% артты", - делінген хабарламада.

2013 жылдың алғашқы 11 айында нарық пен жеке кәсіпкерліктердің сауда көлемі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7,3 пайызға артты.

Сонымен қатар, бөлшек сауда құрылымында саудалық емес тауарлар үлесі 64,3% құрайды.

Жалпы, республикада аталмыш уақыт аралығында бөлшек сауда көлемінде Алматы (27,4%),Астана (10,2%) менҚарағанды облыстары (10,1%) алға шыққан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны