11.06.2013, 09:57 4429

2013 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстанның ЖІӨ өсуі 5%-ды құрады

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ағымдағы жылдың бес айына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындысын жариялады.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - 2013 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстанның ЖІӨ өсуі 5%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ағымдағы жылдың бес айына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындысын жариялады.

"2013 жылдың қаңтар-мамырында ЖІӨ өсуі 5%-ды құрап, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 0,1%-ға өсті", - деді Е.Досаев.

Осылайша, ведомство басшысының болжамды бағалауы бойынша "6 айдың қортындысы бойынша ЖІӨ 5%-ды құрайды және жылдың қортындысы бойынша 2012 жылдың қортындысы бойынша ауыл шаруашылығының төмен базасын және шикізат секторындағы жоспарланған табыс көлемдерін есепке алғанда 6%-ды құрайды".

Оған қоса, Е.Досаевтың айтуынша, негізгі салалар бойынша өнеркәсіптегі НКИ өсуі 101,8% құрады, ауыл шаруашылығында 101,1%, саудада 112,8%, көлікте 107% және байланыста - 115%. Құрылыста аталған көрсеткіш 99% құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны жағынан қалып келеді.

5 айдың қортындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 108,3%-ды құрады. Тұтынушылық баға индексі 102,3%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны