15.01.2014, 19:22 5508

2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті - И.Смайылов

Оның айтуынша, 2013 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,3%, тау-кен өнеркәсібі 3,1%, қайта өңдеу өнеркәсібі 1,6% артқан.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті, деп мәлімдеді ҚР Статистика агенттігінің брифингінде ведомство төрағасы Илихан Смайылов.

Оның айтуынша, 2013 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,3%, тау-кен өнеркәсібі 3,1%, қайта өңдеу өнеркәсібі 1,6% артқан.

"Жалпы, ауыл шаруашылық өнімдері 11,6%, транспорттағы қызмет көрсету көлемі 7,6%, байланыста 14% және саудада 12,7% өсім байқалады", -деді.

Сонымен қатар, ЖІӨ өсімінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы да әсер еткен. 2013 жылдың 11 айында ол 120 млрд 361 млн долларды құрады. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 0,9% артық.

Ведомство төрағасы 2012 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда былтырғы жылдың желтоқсан айындағы тұтыну құны индексі өсімі 104,8% құрағанын да айта кетті. Осыған орай азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасы 3,3 %, ақылы қызметтер 8% артты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны