12.02.2014, 18:55 6567

2013 жылдың қорытындысы бойынша Сбербанк активтері 40% аса өсті

"2013 жыл Сбербанк үшін сәтті болды, біз барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өте жақсы нәтижеге қол жеткіздік және активтер көлемі бойынша Қазақстан банктері арасында 5 орынға ие болдық", - деп атап өтті Басқарма төрағасы Александр Камалов.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Сбербанк барлық көрсеткіштердің қарқынды өскенін көрсетті. Банк активтері 40% аса өсті және 1, 35 трлн. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Басқарма төрағасы Александр Камалов мәлім етті.

"2013 жыл Сбербанк үшін сәтті болды, біз барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өте жақсы нәтижеге қол жеткіздік және активтер көлемі бойынша Қазақстан банктері арасында 5 орынға ие болдық", - деп атап өтті Басқарма төрағасы Александр Камалов.

Қазақстан Сбербанкінің сенімді болуы мен тұрақты өсуін Moody's және Fitch рейтингтері де растайды - осы көрсеткіш бойынша банк республиканың қаржы институттарының арасында бастапқы үштікке кіреді.

2013 жылдың негізгі көрсеткіштерінің қарқыны 2012 жылға қарағанда (ҚБЕС): Активтері 41,4%-ға көтерілді және 1, 35 трлн. теңгені құрады; Меншік капиталы 32,9%-ға өсті және 117 млрд. теңгеге жетті; Таза пайдасы 59,4 %-ға ұлғайды және 21,57 млрд. теңгені құрады; Клиенттердің салымдары 47,5%%-ға көтерілді және 742 млрд. теңгені құрады; Кредиттік портфель 45%-ға өсті және 770 млрд. теңгеге жетті; Комиссиялық кіріс 46,5%-ға өсті.

Өткен жылы банк 680 млрд. теңгеден астам сомада елдің нақты экономика секторын қаржыландырды, бұл 2012 жылдың көрсеткіштерінен 43%-ға асып түсті. "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 147 млрд. теңгені құрайтын 343 жоба мақұлданды. Банктің кредиттік портфелінің сапасы проблемалық заемдар үлесі жүйесіндегі ең төменгілердің бірі - 2,2%-мен расталды. Бұл тәуекелдерді басқарудың және заемшылар сапасын бағалаудың жаңа тәсілі.

Бүгінгі күні Сбербанкке 530 мыңнан астам бөлшек және 28 мыңдай корпоративтік клиенттер сенім артады - бұл өткен жылға қарағанда 47%-ға көп және тиісінше 31%.

Банк қашықтан қызмет көрсету арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі күні бөлшек клиенттер барлық операциялардың шамамен 60% Онлайн банкинг, төлем терминалдары, банкоматтар арқылы жүзеге асырады. Сбербанк жылда өзіне өзі қызмет көрсету құрылғылардың санын көбейтіп отырады: төлем терминалдары саны 2013 жылы 63%, банкоматтар саны - 40%, POS-терминалдар саны 57% өсті. Заңды тұлғалардың интернет-офис жүйесі арқылы төлемдер саны жалпы санның 83% құрайды.

2013 жылы Сбербанк Бірыңғай тарифтік кеңістікпен (БТК) қамтылу аумағын ұлғайтты. Енді топ банктерінде Сбербанк карточкаларынан қолма-қол ақшаны тегін алу бес елде мүмкін - Ресейде, Украинада, Беларусьте, Түркия және Хорватияда. Клиенттер бұл артықшылыққа өз бағаларын берді - БТК аясындағы төлемдер 200% өсті. Клиенттердің операцияларының өсіп жатқан көлемін, уақыттылығын және сенімділігін

2013 жылы Сбербанк 19 жаңа бөлімше, оның бірі Тараз қаласында 1 филиал ашты. Осы жылы 20 бөлімшені ашуды жоспарлап отыр. Қаңтардың соңғы күндері Көкшетау қаласында филиал ашылды. Сбербанк картасында осы жылдың екінші жартысында Қызылорда қаласында филиал есігін ашады. Сөйтіп, Сбербанк республиканың барлық аумақтарында болады.

Жоғары қызмет көрсету деңгейі мен қызметтер сапасы - бұл Сбербанк қызметкерлерінің кәсіпқойлығының нәтижесі. 2013 жылы қызметкерлердің 40% әр түрлі тренингтерден өтті, ал бөлімшелер басшылары мен филиалдар директорларының 30% Сбербанкің арнайы бағдарламалары бойынша Лондон бизнес мектебінде және Insead (Франция) оқып келді. Осы жылы банктің корпоративтік университетінің ашылуы жоспарланып отыр.

"Клиентке бағытталу, сенімділік, жаңа технологиялар, клиенттер мен қоғам алдындағы жауапкершілік - алдыға ұмтылған кезде банк осыларға сүйенеді", - деп мәлімдеді Басқарма төрағасы Александр Камалов.

"Сбербанк" АҚ ЕБ Сбербанк халықаралық тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 7 жыл табысты жұмыс істеп келеді және активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 5 орынға ие болды. Бүгінгі таңда "Сбербанкі" АҚ ЕБ-нің филиалдық желісі 100 құрылымдық бөлімшеден тұрады, оның 15-і - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны