11.07.2013, 14:51 3362

2013 жылдың маусымында Қазақстандағы орташа айлық жалақы шамамен 110 мың теңгені құрады

Қазақстандық жұмысшылардың үстіміздегі жылдың маусымына орташа айлық нақты жалақысы 109 962 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - 2013 жылдың маусымында Қазақстандағы орташа айлық жалақы шамамен 110 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандық жұмысшылардың үстіміздегі жылдың маусымына орташа айлық нақты жалақысы 109 962 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында.

"Алдын ала мәліметтер бойынша 2013 жылдың маусымында жұмысшыларға есептелген орташа айлық нақты жалақы 109 962 теңгені құрады. Осылайша, 2012 жылдың маусымына өсім 4,8%-ды құрады", - деді И.Смайылов.

Бұдан өзге, халықтың орташа жан басына шаққандағы нақты ақшалай табысы 2013 жылдың мамырында 54 343 теңгені құрады.

Аталған кезеңдегі нақты ақшалай табыс 2%-ға өскен.

Жалпы алғанда, статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылдың маусымында жұмыссыздар саны 468 мың адамды немесе 5,2%-ды құрады, оған қоса жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде барлығы 58,8 мың адам тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны