15.04.2013, 16:33 8344

2013 жылдың наурызында ҚР-дағы инфляция деңгейі 1,9%-ды құрады

"2013 жылдың наурызында қолданыстағы бағалар индексі 2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 1,9%-ға артты. Жалпы алғанда еліміздегі инфляция болжанатын дәліз шеңберінде тұрақты деңгейде", - делінген агенттік хабарламасында.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасында инфляция 2013 жылдың наурызында 2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 1,9% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің басшысы Илихан Смайылов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде мәлім етті.

"2013 жылдың наурызында қолданыстағы бағалар индексі 2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 1,9%-ға артты. Жалпы алғанда еліміздегі инфляция болжанатын дәліз шеңберінде тұрақты деңгейде", - делінген агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар, өткен айда бағалардың өсуі арпа жармасына 2,3%, ұнтақ жармасы - 2,1%, макарон өнімдері, жұмыртқа - 0,6%-дан, балық мен теңіз өнімдеріне, жемістер мен көкеністерге - 0,5%-дан, күріш, қышқыл сүт өнімдеріне, пастерленген сүтке, шайға - 0,4%-дан, түрлі нан азықтары мен ұн кондитерлік тағамдарға - 0,3%-ға байқалған.

Өз алдына, тұрмыстық тоқыма бұйымдарына бағалар 0,4%-ға артты, фармацевтикалық өнімдер, тазалау және жуу құралдарына 0,3%-дан, киім мен аяқ киімге, жеке күтімге арналған тауарлар - 0,2%-ға қымбаттады. Дизельдік отын 6,3%-ға артты.

Оған қоса, денсаулық сақтау қызметтеріне бағалар деңгейі 2,3%-ға, шаштараз бен жеке қызмет көрсету мекемелерінде - 1,1%, мектепке дейінгі білім беру - 0,4%-ға артып, ал үлкен қашықтықтағы теміржол жолаушы көлігі - 1,2%-ға, телефон мен факсимильдік байланысқа - 7,8% төмендеді.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қоқыс шығару тарифтері 7,6%-ға, кәріз жүйесіне - 7,2%-ға, суық суға - 5,7%-ға, тұрғын үй қамту - 1,6%-ға артып, ыстық суға, орталық жылытуға 0,3%-дан төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны