09.01.2014, 20:12 3168

2013 жылдың желтоқсан айында ҚР-да жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 189124 теңгені құрады

"Желтоқсанда ҚР-да жаңа тұрғын үй шаршы метрінің орташа бағасы 189 124 теңгеге жетіп, 2013 жылдың қараша айындағы көрсеткіштен 0,4% артық бағаны көрсетті", - делінген хабарламда.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылдың желтоқсан айында ҚР-да жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 189 124 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"Желтоқсанда ҚР-да жаңа тұрғын үй шаршы метрінің орташа бағасы 189 124 теңгеге жетіп, 2013 жылдың қараша айындағы көрсеткіштен 0,4% артық бағаны көрсетті", - делінген хабарламда.

Осыған сай елімізде пәтерлердің орташа бағасы да қымбаттай түскен.

Республика көлемінде тұрмысқа қажетті жағдайы жасалған үй пәтерлерінің бағасы алып-сатарлықта шаршы метріне 147 380 теңгені құраса, жағдайы мәз емес тұрғын жайлардың шаршы метрі 85 282 теңгені құраған.

Ал жалдап тұрған жағдайда пәтерлердің шаршы метрі 1 096 теңгеге жеткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны