09.01.2014, 20:00 2625

2013 жылдың желтоқсанында баспана нарығында баға көтерілгені тіркелді - Статагенттігі

"2013 жылдың желтоқсанында өткен аймен салыстырғанда қабатты үйлердің бағасы 0,6%, ал жаңа баспана мен жалға берілетін үйлердің бағасы 0,4% өсті", - делінген хабарламада.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылдың желтоқсанында баспана нарығында бағалар көтерілгені анықталды, деп ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2013 жылдың желтоқсанында өткен аймен салыстырғанда қабатты үйлердің бағасы 0,6%, ал жаңа баспана мен жалға берілетін үйлердің бағасы 0,4% өсті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2013 жылдағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,9% өсті

Өткен жылда тұрмыстық қызмет көрсету, сервис орындарын жалға беру бағасы 5,5%, қойма жайларын - 3,7%, өндірістік жайларды - 3,4%, сауда орындарын - 3,3%-ға өсті.

2013 жылы бағаның ең көп өсімі фотосалондарды жалға беруде 17,1%, бильярд залдарын - 10,8%, дәріханаларды - 9,1%, өнеркәсіптік базаларды - 6,3%-ға қалыптасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны