03.12.2013, 19:05 2892

2013 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 3,4%-ға өсті

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 2,6% құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 4%, жылқы етіне - 3,9%, қой етіне - 2,8%, сиыр етіне - 2,5%, шошқа етіне - 2,4%-ға жоғары болды, ал құс етіне - 0,3%-ға төмен болды.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. 2013 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 3,4%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

2013 жылғы қарашада 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға макарон өнімдеріне 6,8%, балық және теңіз өнімдеріне - 4,7%, сүт өнімдеріне - 4,5%, кофе, шай және какаоға - 3,9%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 3,4%, ұнға - 3,1%-ға, алкогольді ішімдіктерге, кондитерлік өнімдерге - 3%-дан, нанға - 1,4%, май және тоң майға - 1,2%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 6,3%, қантқа - 2,6%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 2,6% құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 4%, жылқы етіне - 3,9%, қой етіне - 2,8%, сиыр етіне - 2,5%, шошқа етіне - 2,4%-ға жоғары болды, ал құс етіне - 0,3%-ға төмен болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны