03.12.2013, 19:07 5200

2013 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5% құрады

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға 1,7%, қоқыс жинауға - 1%, электр энергиясына - 0,5%, орталық жылыту, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,2%-дан өсті.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. 2013 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,7%, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге - 0,4%-дан өсті.

Өткен айда республика бойынша орта есеппен бағаның өсуі жұмыртқаға 16,3%, қызанаққа - 13,7%, қиярға - 9,5%, қызылшаға - 3,9%, тұздалмаған сары майға - 1,3%, ірімшік және сүзбеге - 1,1%, салқындатылған балыққа - 0,8%, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,7%, ұнтақ жармаға, қой етіне- 0,6%-дан, макарон өнімдеріне - 0,5%-ға тіркелді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармаға - 2,3%, құмшекерге - 1,8%, күнбағыс майына - 0,7%, жоғары сортты бидай ұнға - 0,6% белгіленді.

Бағалар қатты отынға 2,8%, медикаменттерге, киім және аяқ киімдерге - 0,5%-дан, тұрмыстық аспаптарға, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,3%-дан, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,2%-ға өсті.

Баға деңгейі шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне 1,3%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтеріне - 0,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтеріне - 0,6%, денсаулық сақтау - 0,5%-ға жоғарылады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлік қызметтеріне - 0,8%-ға төмендеді.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға 1,7%, қоқыс жинауға - 1%, электр энергиясына - 0,5%, орталық жылыту, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,2%-дан өсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны