03.12.2013, 19:06 3015

2013 жылғы қарашада өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5%-ға төмендеді

Қарақұмық жармасына - 5,6%, өсімдік майына - 2,9%, қантқа - 1,3%-ға бағаның төмендеуі, олардың балыққа - 2,9%, қара бидай ұнына - 1,1%, сүт өнімдеріне - 1%-ға жоғарылауы тіркелді.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. 2013 жылғы қарашада өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы қарашада қазанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 1%-ға төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде - 0,4%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім - 0,6%-ға арзандады, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,9%-ға қымбаттады.

Өткен айда бағаның отындық мазутқа - 5,3%-ға, бензин және газ конденсатына - 1,9%-дан, дизельдік отынға - 1,4%, мұнайға - 1,3%-ға төмендеуі, олардың сұйытылған пропан мен бутанға - 3,6%, керосинге - 1,2%, табиғи газға - 0,9%, көмірге - 0,3%-ға жоғарылауы тіркелді.

Бір айда баға асыл металдарға - 1,7%, мысқа - 0,4%-ға төмендеді, қорғасынға - 7,7%, мырышқа - 5,7%-ға, қара металдар илегі мен өңделмеген алюминийге - 3,2%-дан, ферроқорытпаларға - 2%-ға жоғарылады.

Қарақұмық жармасына - 5,6%, өсімдік майына - 2,9%, қантқа - 1,3%-ға бағаның төмендеуі, олардың балыққа - 2,9%, қара бидай ұнына - 1,1%, сүт өнімдеріне - 1%-ға жоғарылауы тіркелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны