14.06.2013, 17:19 4356

2013 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 106 286 теңгеге жетті

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде - 211,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 204,8 мың теңге (1,9 есе) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 196,3 мың теңге (1,8 есе) көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 58,9 мың теңге.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - 2013 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 106 286 теңгеге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы мамырға 107,4, ал нақты жалақы индексі 101,4 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде - 211,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 204,8 мың теңге (1,9 есе) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 196,3 мың теңге (1,8 есе) көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 58,9 мың теңге. Бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,6 пайызға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 189,6 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 73,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,1 пайызға төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны