28.01.2013, 15:02 2919

2013 жылы 82 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндіру жоспарлануда

"2013 жылға 82 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндіру жөніндегі баланстық жоспар белгіленген. Біз бұны қолымыздан келетін көрсеткіш деп санаймыз", - деді С.Мыңбаев.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылы 82 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндіру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев министрліктің ҚР Премьер-МинистріСерік Ахмет қатысқан кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті.

"2013 жылға 82 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндіру жөніндегі баланстық жоспар белгіленген. Біз бұны қолымыздан келетін көрсеткіш деп санаймыз", - деді С.Мыңбаев.

МГМ ақпарына қарағанда, 2012 жылы 79,2 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген, оның 68, 616 млн тоннасы экспортқа шығарылған.

Сонымен қатар ол 2012 жылы мұнай өндіру 2011 жылға қарағанда аз болды деп атап өтті. Мұнай өндірудің жоспарлы көрсеткішінің толық орындалмауы табиғи, идеологиялық және техникалық себептерге, сондай-ақ бірқатар мұнай өндіру кәсіпорындарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты орын алған.

Сонымен қатар, министр өткен жылы 3 МӨЗ 14,2 млн тонна шикі мұнай өңделгенін хабарлады, бұл 2011 жылға қарағанда 3,6 % көп.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны